Шаһар басшысы Алмат Ақышов әлеуметтік желілердегі қар тазалауға қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Желіде тұрғындар Өскемен мен Павлодар қаласын өзара салыстырған.
– Бұл жердегі салыстыру дұрыс емес. Өскеменде қар тазалауға шамамен 140 техника пайдаланылады, ал Павлодарда 225 техника қолданылады. Осыған қарамастан, қалалық қызметтер қазіргі жағдайда міндеттерді толық орындап жатыр, – деді әкім.
Қосымша шара ретінде қала тұрғындарын тәртіпті сақтауға тарту үшін «Таза Қазақстан» науқаны аясында қысқы тазалау күндерін өткізу туралы ұсыныс жасалды.
Әкім қар тазалау мәселесі әлі де қарастырылып жатқанын және бюджет пен техниканың қолжетімділігіне байланысты шешілетінін атап өтті.
Пікірлер