A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:30 0

Өскемендегі 20-шы шағынауданда электр қуатының неліктен жиі өшетіні анықталды

Бүгін / Өскемен

Шаһар басшысы Алмат Ақышов өткен аптада төрт рет өшірілген 20-шы шағынаудандағы электр қуатына қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол бұл мәселенің он жылдан астам уақыт бұрын қабылданған шешімдерге байланысты екенін мәлімдеді.

Анықталғандай, 2010-шы жылы осы аумақта құрылыс салуға арналған жер учаскелері коммуналдық инфрақұрылымды ескермей бөлінген. Нәтижесінде жаңа тұрғын үйлер мұндай жүктемелерді көтере алмайтын желілерге қосылды. Бүгінде қолданыстағы электр қуаты жеткіліксіз болғандықтан, жарық та жиі өшеді. 

–Аудан жақсы дамып жатыр. Бірақ инфрақұрылымды дамыту тұрғын үй құрылысымен қатар жүрмеді. Қазір біз бұл шешімдердің салдарымен бетпе-бет келіп отырмыз, – деді түсіндірді Алмат Ақышов. 

Осы уақытта 20-шы шағын аудандағы электрмен жабдықтауды тұрақтандыру жобасы дайындалып жатыр. Құжатта желілерге түсетін жүктемені жеңілдететін және тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін техникалық шешімдер көрсетілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив