A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 09:30 0

Шемонаиха ауданында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Бүгін / Шемонаиха

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі  Ұлықбек Тумашинов Шемонаиха ауданына жұмыс сапары аясында «Шемонаиха су арнасы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кәсіпорын аудан тұрғындары мен ұйымдарын ауыз сумен қамтамасыз етіп, су бұру қызметін көрсетеді. Сондай-ақ инженерлік желілерді күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Кездесу барысында депутат жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерге тоқталып, оның әлеуметтік бағыттылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар ұжым тарапынан көтерілген мәселелер – мамандардың тапшылығы, жас мамандарға көтерме ақы төлеу, аудандық аурухананы жөндеу қажеттілігі, амбулатория салу және жолдарды жөндеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Барлық ұсыныс-өтініш бақылауға алынды.

— Жаңа Конституция – тек саяси құжат емес, ол әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Су арнасы сияқты өмірлік маңызы бар салаларда еңбек ететін мамандардың әлеуметтік қорғалуы, лайықты еңбек жағдайы мен тұрақты табысы – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Конституциялық деңгейде әлеуметтік кепілдіктерді бекіту – қарапайым еңбек адамдарының құқықтарын қорғауды күшейтеді. Бүгін көтерілген барлық мәселелер назардан тыс қалмайды, олар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін боладым – деді Жалпыұлттық коалиция мүшесі  Ұлықбек Тумашинов.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, еңбек ұжымы өз ұсыныстары мен пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив