A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:40 0

Өскеменде жетімдіктің алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін / Өскемен

Бүгін Жастар ресурстық орталығында «Ана үйі» қоғамдық қоры бастамасымен медициналық ұйымдардың әлеуметтік қызметкерлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жиынның мақсаты – елде тұрақты салааралық әріптестік арқылы әлеуметтік жетімдікті азайту, оны біртіндеп толық жою, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, мемлекет пен үкіметтік емес сектордың күшін біріктіру. 
Ұйымдастырушылардың сөзінше, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу – тек мемлекеттік міндет емес, ортақ әлеуметтік жауапкершілік. 
– Әр бала өз отбасында өсуі керек. Сондықтан жетім балалардың санын азайту үшін алдын ала әрекет етіп, кәсіби ресурстарды біріктіру қажет. Түрлі сала мамандарының бірігіп жұмыс істеуі дағдарыс жағдайларын дер кезінде анықтап, баланы қауіпті ортадан алып шығуға мүмкіндік береді. Бүгін қатысушылар ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдау жөніндегі мәселелерді және ерте әрекет етудің тиімді жүйесін қалыптастыру жолдарын талқылады, – деді «Ана үйі» қоғамдық қорының өкілі Наиля Онғарбаева. 
Айта кетейік, «Ана үйі» қоғамдық қоры – жетімдіктің алдын алу, Балалар үйлеріне түсетіндердің санын азайту мақсатында 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қайырымдылық ұйымы. Жоба жаңа туған сәбиімен қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға көмек көрсетеді. Қазір республика бойынша 16 Ана үйі жұмыс істейді. 2013 жылдан бері қор жұмысының арқасында 11 136 бала өз отбасында тәрбиеленіп жатыр.

Қымбат МУХАМАДИЕВА 
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив