A+ A A-

talgatzhan 39 Кеше, 14:15 0

Өскеменде қысқы Олимпиада қатысушыларын күтіп алды

Бүгін / Өскемен / Спорт

Бүгін облыс орталығында  фристайлдан ҚР Ұлттық құрамасының мүшелерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Команда көшбасшылары Павел Колмаков пен Анастасия Городко Италияда өткен Олимпиада ойындарынан елге оралды.
Анастасия Городко параллельді могулдың қорытынды хаттамасында 8-ші орынға тұрақтады. Спортшы іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, ширек финалға дейін жетті.
Ал Павел Колмаков үшін бұл – мансабындағы төртінші Олимпиада. Ол параллельді могулда 9-шы нәтижені тіркеді. Жекелей сында атлет әлемнің ең үздік 16 фристайлшысының қатарына енді.
Әуежайда оларды спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар және жергілікті тау шаңғысы мектептерінің жас тәрбиеленушілері қарсы алды.
Жақын арада спортшылар Әлем кубогының қорытынды кезеңдеріне дайындалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив