A+ A A-

talgatzhan 49 Кеше, 14:40 0

Өскемен қаласының әкімі халықпен кездеседі

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы Алмат Ақышов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шаһар басшысы былтыр атқарылған жұмыстар, биыл жүзеге асырылатын жобалар мен жоспарлар туралы айтады.
- Кездесулер еркін форматта өтеді. Әр тұрғын өз сұрағын қойып, ұсынысын білдіріп, мәселесін тікелей айта алады. Осындай кездесулерді өткізу жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы өзара сенімді нығайтудың маңызды қадамы деп санаймын. Тек ашық диалог пен кері байланыс арқылы біз тиімді шешімдер қабылдап, қаламызды бірге дамыта аламыз. Барлық ниет білдірушіні кездесуге қатысуға шақырамын. Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін маңызды, - деді Алмат Ақышов. 
Кездесулер төмендегі мекенжайлар бойынша өтеді: 
20 ақпан сағат 18:00-де С.Аманжолов атындағы ШҚУ (5 корпус);
27 ақпан сағат 18:00-де Металлургтер мәдениет сарайы; 
6 наурыз сағат 18:00-де №46 орта мектебі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив