A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 16:30 0

ШҚО-да Ата Заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды

Бүгін / ШҚО

«ОблШығысЖол» кәсіпорнының еңбек ұжымымен өткен кездесуде коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын жан-жақты түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құжатта еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге қатысты баптарға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек ету бостандығы, әділ еңбекақы, қауіпсіз әрі санитарлық талаптарға сай жұмыс жағдайы, әлеуметтік қорғау және кәсіподақтар арқылы өз мүдделерін қорғау тетіктері Конституциялық деңгейде бекітілетіні айтылды. Сондай-ақ ең төменгі жалақыға, әлеуметтік төлемдерге және еңбек адамының қадір-қасиетін қорғауға қатысты нормалар түсіндірілді.

- Жаңа Конституция – еңбек адамының құқығын қорғаудың берік негізі. Жол саласы – үлкен жауапкершілікті, физикалық күш пен жоғары кәсіби дайындықты талап ететін маңызды сала. Сондықтан қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ еңбекақы және әлеуметтік кепілдіктердің Конституцияда нақты бекітілуі – әрбір жұмысшы үшін аса маңызды. Мемлекет адал еңбек еткен азаматқа қолдау көрсетуге міндетті, – деді коалиция мүшесі Александр Светаш.

Кәсіпорын қызметкерлері де өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. 

- Біз үшін ең бастысы – еңбегіміздің әділ бағалануы және қауіпсіз жұмыс жағдайы. Конституцияда бұл нормалардың нақты көрсетілуі жұмысшылардың ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Сондықтан біз алдағы референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымымызды білдіреміз, – деді Анар Жұмағалқызы.

Мұндай кездесулер жұмысшы қауымның құқықтық сауаттылығын арттырып, жаңа Конституция жобасының мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив