ҰҚК департаменті қызметкерлері күдіктілерді жедел-іздестіру кезінде қолға түсірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс аумағында психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз дайындап, өткізбек болды деп айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап айыпталушылар Самар ауданы аумағынан тұрғын үй сатып алған. Аталған үйде психотроптық заттар өндіруге арналған арнайы жабдықтар мен құралдар орнатылып, ғимарат жасырын зертхана ретінде пайдаланылды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ҰҚК департаменті қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Тінту кезінде жалпы салмағы 76 грамнан асатын α-PVP (α-пирролидиновалерофенон) психотроптық заты тәркіленген.
Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Зертхана жабдықтары мен тұрғын үй мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер