18 ақпанда облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенко және өңір үкіметі мүшелерімен жүздесті. Тараптар кездесуінде шекаралас өңірлер арасындағы келісімдер хаттамасына қол қойылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер барысында екі жақ әріптестікті одан әрі нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың оң динамикамен дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан конструктивті диалог пен өзара іс-қимылды кеңейтуге әрдайым ашық.
Кездесу барысында тараптар өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат алмасып, алдағы жоспарлар мен инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды.
Қорытындысында Шығыс Қазақстан мен Алтай өлкесінің басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет, спорт және білім беру салаларындағы әріптестікті дамытуға бағытталған келісімдер хаттамасына қол қойды.
Пікірлер