A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:00 0

Әлемдік экономика картасында жаңа белес: Қазақстан ТОП-50-ге енді

Бүгін / Республика

2026 жылы Қазақстан жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кірді. Бұл туралы Ranked: The World’s 50 Largest Economies by GDP in 2026 рейтингісінің деректерінде айтылған. Аталған рейтингті Visual Capitalist аналитикалық платформасы Халықаралық валюта қорының (World Economic Outlook, 2025 жылғы қазан) болжамына сүйене отырып жариялаған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Ғаламдық экономика және күштер арақатынасы
 
Рейтингке сәйкес, Қазақстан 320 млрд АҚШ доллары (номинал) көлеміндегі болжамды ЖІӨ көрсеткішімен 50-орынға жайғасып, әлемдегі ең ірі экономикалар тізімін түйіндеп тұр.
 
ХВҚ бағалауынша, 2026 жылы жаһандық экономиканың жиынтық көлемі 123,6 трлн АҚШ долларына жетеді. Оның ішінде әлемдік ЖІӨ-нің 55%-дан астамы небәрі бес елдің үлесіне тиесілі. Бұл экономикалық қуаттың жоғары деңгейде шоғырланғанын көрсетеді.
 
Рейтинг көшін 31,8 трлн долларлық ЖІӨ-мен АҚШ бастап тұр. Бұл көрсеткіш келесі екі елдің жиынтық көлемінен де асып түседі.
 
Екінші орында – Қытай (20,7 трлн доллар), үшінші орында – Германия (5,3 трлн доллар). Ал алғашқы бестікке сондай-ақ Үндістан мен Жапония енген.
 
2026 жылғы әлемнің ең ірі 10 экономикасы:
 
• АҚШ – 31,821 трлн доллар
• Қытай – 20,651 трлн доллар
• Германия – 5,328 трлн доллар
• Үндістан – 4,506 трлн доллар
• Жапония – 4,464 трлн доллар
• Ұлыбритания – 4,226 трлн доллар
• Франция – 3,559 трлн доллар
• Италия – 2,702 трлн доллар
• Ресей – 2,509 трлн доллар
• Канада – 2,421 трлн доллар
 
Рейтингтің төменгі бөлігінде орналасқанымен, Қазақстан алғаш рет топ-50 қатарына енді. Ел Перу мен Нигерияны басып озған. Бұл көрсеткіш Қазақстан экономикасының номиналды көлемінің өскенін және елдің шикізаттық, өнеркәсіптік әрі транзиттік әлеуеті бар ірі өңірлік ойыншы ретіндегі рөлінің сақталып отырғанын айғақтайды.
 
Дамушы экономикалардың өсімі
 
Зерттеу авторларының атап өтуінше, 2026 жылы дамушы нарықтар экономикалық салмағын арттыруды жалғастыруда. Атап айтқанда, Үндістан ірі экономикалар арасында ең жоғары өсім қарқынын көрсетіп отыр. Сонымен қатар Вьетнам, Бангладеш және Филиппин елдері жаһандық өндірістік тізбектерге интеграциялану есебінен ЖІӨ көлемін 500 млрд долларға жуықтатуда.
 
Рейтинг сатып алу қабілетінің паритеті емес, номиналды ЖІӨ болжамдарына негізделген. Сондықтан ол инфляция, валюта бағамы және макроэкономикалық динамика ескерілген қазіргі жаһандық экономиканың құрылымын көрсетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив