A+ A A-

talgatzhan 1 Кеше, 11:50 0

Өскеменге төрт тоннадан астам балықты заңсыз жеткізгендер тергеуге алынды

Бүгін / Өскемен

Қалалық прокуратура браконьерлікпен күресті күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

18 ақпанда қалалық прокуратура мен криминалдық полиция бөлімінің бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала кіреберісінде жүк көлігі тоқтатылды. Оны тексеру кезінде заңсыз ауланған ірі көлемдегі балық партиясы анықталды. 

Тәркіленген балықтың жалпы салмағы – 4 тонна 181 килограмды құрады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі деп танылғандар ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жүк көлігі айып тұрағына қойылды. Прокуратура органдары мұндай қылмыстарды анықтап, жолын кесу ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив