A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 12:15 0

Өскеменде полицейлер пәтерлерді тексеріп жүр

Бүгін / Өскемен

Қалалық Полиция басқармасы мәліметінше, шара қала тұрғындары мен шетелдіктердің нақты тұрғылықты мекенжайларын анықтау мақсатымен қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп жұмыс істеуде. Тексеру барысында жалған тіркеу деректеріне ерекше назар аударылмақ. Яғни, кейбір азамат тұрғын үйде нақты тұрмаса да, сол мекенжай бойынша ресми тіркеуде болуы мүмкін.

Сондай-ақ полиция мүлік иелеріне тіркелген адамдар туралы мәліметтердің дұрыстығына өздері жауапты екенін ескертті. Құзырлы орган өкілдері заң талаптарын сақтауға және жалған тіркеуге жол бермеуге шақырады.

Ақпанның 18-і басталған шара 21-не дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив