Тапсырыс беруші – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Техникалық құжаттамаға сәйкес, аулануы тиіс жануарлар саны – 1000 бас. Жұмыс ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына және 2022 жылғы 22 тамызда облыс мәслихаты бекіткен «ШҚО-да жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына» сәйкес жүргізіледі.
Шарт талаптарына сай, өтінім түскен сәттен бастап жануар 24 сағаттан кешіктірілмей аулануы тиіс. Аулаумен айналысатын қызметкерлердің өзімен бірге қаңғыбас иттерді аулауға құқық беретін куәлігі болуы қажет және азаматтардың талабы бойынша оны көрсетуге міндетті.
Егер бір ит немесе үш және одан да көп иттен тұратын топ адамға не өзге жануарға қауіп төндірсе, мамандарға ҚР заңнамасында рұқсат етілген жансыздандыратын препараттарды қолдануға мүмкіндік беріледі.
Құжатта ауланған жануарларды медикаментозды жолмен (эвтаназия) жансыздандыру қарастырылғаны да көрсетілген. Қызмет көрсетуші барлық жұмыс кезеңін фототіркеумен растап, есеп беріп тұруы ұсынуы тиіс.
Қызмет көрсету мерзімі – келісімшарт жасалған күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Фото: tengrinews.kz
Пікірлер