A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:30 0

Өскемен қалалық Қоғамдық кеңесі мүшелері Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Бүгін / Өскемен

Қаладағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиын барысында коалиция мүшелері жаңа Ата заң жобасындағы негізгі өзгерістерге тоқталып, оның қоғам өміріндегі маңызы мен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы рөлін түсіндірді.
Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету бағытындағы нормаларға назар аударылды. Қоғамдық кеңестің рөлі мен жауапкершілігі де сөз болып, азаматтық қоғам институттарының маңызы атап өтілді.
– Жаңа Конституция – қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтатын маңызды құжат. Қоғамдық кеңестер сияқты азаматтық институттардың белсенділігі мен ашық диалог мәдениеті реформалардың табысты жүзеге асуына негіз болады. Сондықтан әрбір азамат алдағы референдумға қатысып, өз ұстанымын білдіруі тиіс, – деді коалиция мүшесі Александр Светаш.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив