A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:05 0

«DEMEY» оңалту және түзету орталығында Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласындағы «DEMEY» оңалту және түзету орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұжымы мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында спикерлер Жаңа Конституцияның жобасын таныстырып, оның мемлекеттің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделеріне толық сай келетін стратегиялық құжат екенін атап өтті.
Кездесу барысында білім беру саласы мен жастар үшін қарастырылған кең мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды. Жаңа Конституция елдің стратегиялық таңдауын адамды дамыту арқылы – оның білімі, мәдениеті, шығармашылығы мен инновациялық әлеуеті арқылы өсуді қамтамасыз етуге бағыттайды. Бұл модельде негізгі даму драйверлері ретінде шикізат ресурстары емес, білім беру, ғылым, мәдениет және технологиялар айқындалған.
Коалиция мүшесі Сергей Попов  мемлекеттің зайырлы сипаты мен білім беру жүйесіндегі теңдік қағидаты білімге бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл даму кеңістігін идеологиялық қысымнан қорғап, әр баланың сапалы білім алуына құқықтық негіз қалыптастырады.
– Білім берудің конституциялық кепілдігі – ғылым мен адами капиталды дамытудың іргетасы. Конституция жобасының 33-бабында азаматтардың міндетті бастауыш және орта білім алуына кепілдік берілген. Сонымен қатар конкурстық негізде жоғары білім алу құқығы бекітіледі. Бұл – әр азаматтың сапалы білім алуға заңмен қорғалған құқығы бар деген сөз. Білім бәсекесі күшейген заманда еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында, – деді депутат.
Сонымен қатар Асел Жакупбаева Жаңа Конституциядағы маңызды бағыттардың бірі – цифрландыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, Конституция мәтінінде алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы енгізіледі.
– Конституциялық модель адамды, оның өмірі мен қадір-қасиетін мемлекеттің ең жоғары құндылығы деп тануға негізделген. Конституция жеке өмірге қол сұқпаушылық кепілдіктерін күшейтіп, жеке және цифрлық деректерді қорғауды қамтамасыз етеді, – деді ол.
Кездесу барысында ата-аналар ойларын ортаға салып, ерекше балалардың білім алуы мен әлеуметтік бейімделуіне қатысты сұрақтарын қойды. Спикерлер тарапынан нақты жауаптар беріліп, ашық диалог алаңы қалыптасты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив