A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 16:30 0

«Торпедо» «Горнякты» ұтып, чемпионатты екінші орынмен аяқтады

Бүгін / Өскемен

Өскемендік «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан чемпионаты аясында Рудный қаласының «Горняк» командасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесудің негізгі уақыты тартысты өтіп, есеп ашылмады. Матч тағдырын буллиттер сериясы шешті. Шешуші соққыны шабуылшы Илья Кляузов сәтті орындап, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

Чемпионат қорытындысында «Торпедо» Pro Hokei Ligasy турнирлік кестесінде ресми түрде екінші орынға тұрақтады. Елордалық «Номад» көш бастады.

Енді өскемендік команда маусымның ең маңызды кезеңі – плей-офф ойындарына дайындалуда. «Торпедоның» ширек финалдағы қарсыласы – Атырау қаласының «Бейбарыс» командасы.

Серияның алғашқы матчтары Өскеменде 24 және 26 ақпанда өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив