A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:10 0

Өскемен екі ауданға бөлінуі мүмкін бе?

Бүгін / Басты / Өскемен

Бұл сұраққа 20 ақпанда өткен халықпен есептік кездесуде шаһар басшысы Алмат Ақышов жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айтуынша, қала аумағында екі әкімшілік бірлік құруға халық саны жеткіліксіз. Жалпы қалада 400 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Алайда тұрғындардың бір бөлігі тіркеуге тұрмағандықтан, ресми деректерде халық саны 380 мың болып көрсетілуде. Әкімнің сөзінше, бұл құбылыс субурбанизация деп аталады. 

— Егер біз ресми түрде 400 мың тұрғын шегіне жетсек, қаланы кеңес дәуіріндегідей екі ауданға бөлуге болар еді. Ондай жағдайда қалалық аумақтарды дамыту ісімен екі коммуналдық шаруашылық айналысады. Ал қазір ұзындығы 80 шақырымға созылған бүкіл қалаға бір әкім мен оның үш орынбасары ғана қарайды. Өздеріңіз түсінетіндей, бұл қиындық туғызады. Сондықтан енді нақты халық санын анықтау жұмыстарын жүргіземіз. Егер көрсеткіш 400 мыңнан асса, қаланы сол жағалау және оң жағалау аудандарына бөлу жөнінде басшылыққа ұсыныс жасаймыз, - деді әкім.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив