Бұл туралы шаһар әкімі Алмат Ақышов есептік кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айтуынша, қазір саябақтың жағдайы өте нашар. Алаңды шөп басып, шағын сәулет нысандары қираған.
— Бұл жерді бала күнімнен бері білемін. Ол кезде өте керемет болатын. Достарымызбен келіп ойнайтынбыз. Балаларға арналған ойын алаңы да бар еді. Бірақ өткен жылы барып көргенімде таңғалдым. Жағдайы нашар. Алаңды шөп басып кетіпті. Биыл біз ол жерді толық тазалап, бәрін қайта жасаймыз. Осы маңда тұратын тұрғындар үшін қайтадан жақсы демалыс аймағы пайда болады, - деді әкім.
Пікірлер