A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 10:35 0

23 ақпан мен 1 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Бірнеше күн ішінде әлдебір қуаныштың болары анық. Бәлкім, өзіңіз күтпеген жерге жұмысқа шақырулары мүмкін. Қазір  қызмет етіп жатқан мекемеге разы болсаңыз, басқа жаққа баруға асықпаңыз.
Торпақ
Ұнатқан адамыңызды жолықтырсаңыз, көпке жария қылмаңыз. Құпияңызды аша беруден аулақ болған жөн: тіпті достарыңызға ашылып сыр айтпаған дұрыс. Әр күні қарбаласпен өтетін бұрымдыларға ас-суды да талғап ішу қажет.
Егіздер
Біреу-міреу қонаққа шақырса өмірлік серігіңізді ертіп шығыңыз. Тіпті жақын маңдағы дүкенге барсаңыз да жарыңызға тәтті-дәмді алып беріп, көңілін аулаңыз. Мұның барлығы да жанұяңыздағы берекені бекіте түседі.
Шаян
Ақпанның соңына қарай ойыңызға небір жарқын идеялар келеді. Солардың барлығын іске асырғыңыз келсе рет-ретімен орындаңыз. Бұл аптада сізге жүктелген тапсырмалар аз емес, барлығына үлгеремін деп шаршап қалып жүрмеңіз.
Арыстан
Бейтаныс адамдар сізден бастан өткерген жағдайы бойынша кеңес сұраса, қолұшын бергеніңіз жөн. Қазір кімге болса да көмек беруге қауқарлысыз, тек өз қаржылық жағдайыңызды да бір түгендеп қойыңыз.
Бикеш
Осы аптада әріптестеріңізен пікірталас өткізіп, бастығыңызбен алдағы жоспарды талқылап, бақталастарыңызбен білім салыстырып та үлгересіз. Десе де солардың қайсысынан көбірек пайда келетінін асықпай бағамдаңыз.
Таразы
Жұмыста өрлеудің сәті түспей жүр. Оның үстіне соңғы кезде тым ашушаң болып барасыз. Ата-анаңызға аяқ асты дауыс көтеруіңіз де мүмкін, сондықтан сабыр сақтап бағыңыз.
Сарышаян
Кез келген адамның ойын оқи алатындай қабілетіңіз бар. Өмірлік серігіңіз әлдеқандай сыйлық күтеді. Басшылық әсірекөп тапсырмалар жүктесе, дос-жаран көмек сұрайды. Оларға қолұшын бере отырып, өз жоспарыңызды да ұмытпаңыз.
Мерген
Кітаптар оқып, көкжиегіңіз біршама кеңейеді. Соған қарай жадыңызды жаулаған ойды жаңаша қорытып, әр өзгеріске философиялық көзқараспен қарайсыз. Демалыс күндері жарыңызбен мейрамханаға барып, бой жазып қайтыңыз.
Тауешкі
Бір сәтке тоқтап, жасаған қателіктеріңізді түзеп кету керек. Осының барлығын дер кезінде реттесеңіз, апта ортасында тынығып алудың сәті түседі. Қазір әр Тауешкінің ем-дәм сақтап, ескі сырқаты сыр берсе ақ халаттыларға жүгінгені жөн.
Суқұйғыш
Болып жатқан өзгерістерге таңданыспен қарайсыз. Саясат жағына бас қатырмаңыз, одан да әдебиетке ден қойыңыз. Апта соңына қарай басыңыз ауырып, бойыңызды шаршаңқылық билейді – уақтылы тамақ ішіп жүріңіз.
Балықтар
Балықтар жоқ жерден жалғызсырап, мұңаяды. Наурыз айында туған күнін атап өткелі жүргендерге күтпеген сыйлық табыс етілуі ғажап емес. Кейде көпшілік арасында емес, оңаша қалып өткенге бір ой жүгірткен де артық етпейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив