Қаланың барлық аумағы 11 басқарма филиалына бөлінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл филиалдар орталық және шалғай аудандардан бөлек, саяжай қауымдастықтарын да қамтиды. Олар тұрғындарға күнделікті мәселелер бойынша көмектеседі. Яғни, әлеуметтік көмірге сұраныстарды өңдеуден бастап, шағымдарды қабылдау, қар тазалауды ұйымдастыру және төтенше жағдайлар қызметтерімен байланыс орнату, т.с.с.
Әрбір орталық аумақтық басқарманың белсенді тұрғындар тобы, әлеуметтік желідегі парақшасы, тұрғындармен чаттары және тұрғын үй кооперативімен байланысы бар. Олар мәселелерді тезірек әрі жүйелі шешу үшін тұрғындар шағымын әкімдікке жеткізеді.
Пікірлер