Іс-шараны «В кругу друзей» клубы облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада ұйымдастырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кітапхананың әлеуметтік қызметтер секторының жетекшісі, «В кругу друзей» клубының кураторы Фарида Ақжігітованың айтуынша, биыл клубқа 30 жыл толып отыр. Әр сәрсенбі сайын мұнда жасы 50-ден асқан жандар жиналып, бос уақыттарын мазмұнды өткізеді.
Әйелдер мерекесіне орай клуб ұжымы концерттік нөмірлер дайындауда.
8 наурыз мерекесіне арналған концертке барлық қала тұрғыны шақырылады. Кіру тегін.
Пікірлер