Қазақстанда көктемгі әскери қызметке шақыру 1 наурыз – 30 маусым аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірден 650 адамды әскерге шақыру жоспарлануда.
– Жаңа мүмкіндіктердің бірі – әскерге шақыру енді 1414 нөмірінен SMS арқылы жүзеге асырылады. Мұндай хабарламаны алу шақыру қағазына тең және ресми хабарлама болып саналады. Келмеген жағдайда ақпарат полицияға жіберіліп, кейін құқық қорғау органдары қызметтен жалтарғандарды іздейді, –деді тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті басшысының орынбасары Қазбек Ахметов.
Облыс тұрғындарына әскерге шақырылғандар әскери қызметтің орнына академияға түсуді таңдай алатыны ескертілді.
– Әскери оқу орындарында оқитын жігіттер әскери қызметтен босатылады. Осы жылдың 1 ақпанынан бастап eGov порталы арқылы онлайн өтініш беруге болады. Өтініштер 30 сәуірге дейін қабылданады, – деп атап өтті Қазбек Ахметов.
Пікірлер