A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:50 0

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өскеменге келді

Бүгін / Өскемен / Басты

Бүгін ҚР Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарымен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен және белсенді жастармен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өтті. Жиында Мемлекет басшысы айқындаған саяси реформалардың басым бағыттары, Ата Заңға енгізілген негізгі өзгерістер және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру тетіктері жан-жақты талқыланды.

– Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін ауқымды әрі кешенді жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды жалғасы. Жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне негізделеді. Бұл – заманауи мемлекет моделіне көшу жолындағы саналы әрі батыл шешім. Ата Заңдағы маңызды өзгерістердің бірі – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілуі. Бұл қағида мемлекеттік жүйенің барлық құрылымының негізін айқындайды, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетіне тоқталып, экологиялық мәселелердің өзектілігін атап өтті. 

– Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің өңір үшін маңызы зор. Алғаш рет табиғатқа қамқорлық таныту мемлекеттің іргелі құндылықтарының бірі ретінде бекітілді. Орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және келер ұрпаққа қамқорлық жасау – Қазақстанның стратегиялық таңдауы. Сондай-ақ бұл – заманауи стандарттарды енгізу, озық технологияларға көшу және экологиялық есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету деген сөз. Бүгінде мемлекет ғылымды, білімді, экологиялық бастамаларды, жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді белсенді қолдап отыр. Дәл осы бағыттар еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың жарқын көрінісі екені анық, – деді Палата Төрағасы. 

Кездесуде облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктер өкілдері және Конституциялық комиссия мүшесі Аяужан Әшімова баяндама жасады. Оның айтуынша, комиссия жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді.

– Ата Заңымызды жазуға мыңдаған адамның қатысқанына куә болдық. Күнделікті комиссия отырыстарынан тыс уақытта өз өңіріміздің тұрғындарынан кері байланыс алып, ұсыныстарын қабылдап отырдық. Осындай тікелей диалог Конституцияға деген сенімді арттырып, оны шын мәнінде халықтық құжатқа айналдырып отыр. Онда көзделген Халық кеңесі – азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтетін маңызды институт. Бұл кеңес – қоғамның әртүрлі топтарының үнін еститін, билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын ашық сұхбат алаңы, – деді ол.

Айта кетейік, аталған кездесу өңір тұрғындарын конституциялық өзгерістердің мән-маңызымен таныстыруға және қоғаммен ашық диалог орнатуға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив