A+ A A-

talgatzhan 0 25-02-2026, 16:55 0

Өскеменде белгісіз біреулер көшедегі итке оқ атқан

Бүгін / Өскемен

Жануардың денесінен бірнеше оқ алынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жануарлар құқығын қорғаушылар мәліметінше, оқиға Бажов көшесі, 345 мекенжайындағы көпқабатты үй маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, көшеде ит теңселіп жүріп, кейін құлап қалған. Кейінірек сараптама жасау үшін ит өлексесі ветеринарлық клиникаға жеткізілді.

«Досым» жануарларды оңалту орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған қорытындыға сәйкес, иттің денесінен бірнеше оқ алынды. Алдын ала болжам бойынша, жануар оқ жарақатынан өліп қалған.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша «жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив