«КАЖсервис» ЖШС мәліметінше, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірқатар жолда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шектеу облыстық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде қоғамдық көліктер мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктерге қатысты енгізілді:
• Өскемен – Тарғын – Самар: 17-145 шақырым аралығы;
• Шемонаиха – Секисовка: 0-56 шақырым;
• Шемонаиха – Большая Речка: 0-36 шақырым;
• Үлкен Нарын – Күршім: 0-135 шақырым;
• Күршім – Қалжыр: 0-131 шақырым;
• Алтайка ауылы – Чапаево: 0-37 шақырым;
• Октябрь өткелі – Алтайка ауылы – Ново-Хайрузовка: 0-83 шақырым.
Республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығы арқылы немесе «Яндекс Карта» қосымшасынан білуге болады.
Пікірлер