Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру барысында ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, облыс орталығында 372,7 мың адам тұрады. Ал қоқыс шығару қызметіне 224 мың тұрғынмен келісімшарт жасалған. Оның ішінде, 204,3 мыңы – көпқабатты тұрғын үйлерде, ал 19,7 мыңы – жеке секторда тұратындар.
Тұтынушыларымен жұмыс абоненттік бөлімдердің бақылаушылары арқылы жүргізіледі. Олар үй-үйді аралап, тұрғындармен келісімшарттар жасайды, төлем түбіртектерін таратады.
Берешек деңгейі есептелген соманың шамамен 20 пайызын құрайды. Келісімшарт жасасқан абоненттердің тек 80 пайызы ғана төлем жасайды.
Пікірлер