Мемлекет тарапынан ЖОО оқытушыларын баспанамен қамтамасы ету тетіктері қарастырылған ба? Былтыр оларға арнайы баспана берілді ме? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының 2024 жылғы 31 мамырда берген тапсырмасына сәйкес, Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына арналған пәтер беру жұмыстарын іске асырып келеді. 2023 жылғы 19 қазанда министрлік және Отбасы банк арасында жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (Банк қаражаты есебінен), — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Жалпы, 2023-2026 жылдар аралығында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 601 жас ғалымға пәтер кілті табысталды.
— Оның ішінде 483 пәтер министрлік пен Отбасы банк 2023-2026 жылдары жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2024-2026 жылдары Алматы және Астана қалаларында 118 пәтер өтеусіз негізде берілді.
Пікірлер