Қазақстан әлемдік туристік рейтингте өз позициясын нығайтуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52-орынға көтерілген, бұрын 66-орынға ие болған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов хабарлады.
- Жалпы үздік 50 елдің қатарына кіру – стратегиялық мақсаттардың бірі. Бұл туристерге ыңғайлы болуы мен қауіпсіздігін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және туристік объектілердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Пікірлер