A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 16:00 0

Елде алтын өндіру көлемі артты ма

Бүгін / Республика

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кейінгі жылдары елде алтын, мыс, болат және шойынның өндірісі қаншалықты өскені жайында мәлімет берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінде Қазақстан Республикасының металлургия саласында негізгі металдарды өндіруде біршама өсім байқалды.

- 2024 жылы алтын өндіру көлемі 72,1 тонна болды, ал 2025 жылы ол 71,2 тоннаны құрады. Мыс бойынша 2024 жылы өндіріс 463,9 мың тонна деңгейінде болды, 2025 жылы ол 471 мың тоннаға дейін артты. Сонымен қатар, болат бойынша 2024 жылы өндіріс көлемі 4113 мың тонна болды. 2025 жылы осы көрсеткіш 4271,9 мың тоннаға дейін өсті, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ал 2024 жылы шойын өндірісі 3 351 мың тонна деңгейінде болды, 2025 жылы оның көлемі 3 529 мың тоннаға дейін артты.

Айта кетейік, Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 26 ақпан таңертеңгі жағдай бойынша бір грамм алтынның бағасы 82 542,16 теңгені құрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив