A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:05 0

Өскеменде жұмыртқа бағасы неге қымбаттады?

Бүгін / Өскемен

Қала тұрғындарының айтуынша, кейбір сауда нүктесінде жұмыртқа бағасы бірден 80 теңгеге қымбаттаған. Мәселен, бұрын 550 теңге тұрған он данасы қазір 630 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz. сайтының тілшісі.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қымбат Ануарбекованың түсіндіруінше, ақпан айында жеткізушілер тарапынан жұмыртқаның көтерме бағасы өскен.

– Негізгі себеп сол, құс фабрикаларында өнімнің өзіндік құнының артуы. Сонымен қатар біздің өңірде жұмыртқа өндіретін кәсіпорындар жоқ, бұл тасымалдау шығындарының көбеюіне әкеледі, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив