A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда адвокаттар мен нотариустар үшін талаптар жаңартылды

Бүгін / Республика

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адвокаттық және нотариалдық қызметті лицензиялау ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жаңа бұйрықта адвокаттар мен нотариустар үшін барлық біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізімі көрсетілген.
Адвокаттарға қойылатын талаптар:

· Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
· Жоғары заңгерлік білімі болуы;
· Кемінде бес жыл тәжірибесі бар адвокаттың қасында алты айдан бір жылға дейін тәжірибеден өтуі;
· Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестациядан өтуі;
· Соттылығы болмауы.
Нотариустарға қойылатын талаптар:
· Қазақстан Республикасының 25 жастан асқан азаматы болуы;
· Жоғары заңгерлік білімі болуы;
· Кемінде бір жыл нотариустың қасында тәжірибеден өтуі;
· Нотариалдық қызметпен айналысуға аттестациядан өтуі;
· Кемінде екі жыл құқық саласында тәжірибесі болуы;
· Денсаулығы бойынша психологиялық және наркологиялық есепте тіркелмеуі;
· Соттылығы болмауы.
Жаңа бұйрық 2026 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, 2025 жылғы желтоқсанда Сенат адвокаттар мен нотариустарды аттестаттау тәртібіне енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Бұл құжат Мемлекет басшысының, соның ішінде әкімшілік әділет саласын кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив