A+ A A-

talgatzhan 38 Кеше, 17:00 0

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты

Бүгін / Республика

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. 
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен. 
Естеріңізге сала кетейік, халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив