A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 12:10 0

Референдум кезінде азаматтар есептен шығару куәлігін пайдалана алады

Бүгін / Республика

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар тіркеу орны бойынша емес, өзіне ыңғайлы кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік беретін ресми құжат – есептен шығару куәлігін пайдалана алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2026 жылғы 15 наурызға белгіленген жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға байланысты есептен шығару куәліктерін алу тәртібі төмендегідей:

берілетін мерзімі: 2026 жылғы 27 ақпаннан бастап 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін (қоса алғанда).

Қайдан алуға болады: тұрақты тіркеу орны бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан (УСК). 

Қажетті құжаттар: жеке өзі келіп, жеке куәлігін көрсетуі қажет (eGov Mobile қосымшасындағы электрондық нұсқасын пайдалануға болады) және жазбаша өтініш беру керек. Өкіл арқылы алу: сенімхат негізінде алуға болады. Мұндай сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. 

Маңызды шектеулер мен ережелер: бір қала шегінде, бір елді мекеннің ішінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді. 

Құжат жоғалған жағдайда куәлік қайта қалпына келтірілмейді, телнұсқа берілмейді. Қалай дауыс береді: дауыс беру күні таңдалған учаскеге есептен шығару куәлігін және жеке куәліктің түпнұсқасын (немесе электрондық нұсқасын) көрсету қажет. Азамат сол жерде тізімге енгізіледі. 

Жарамдылық мерзімі: құжат бір рет қана пайдаланылады және дауыс бергеннен кейін комиссия тарапынан алынады.

Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру басталардан бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив