A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 14:00 0

Қазақстанға гүлдер қай мемлекеттерден жеткізіледі

Бүгін / Республика

2025 жылы Қазақстан 77,6 млн АҚШ доллары көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.

Гүлдердің негізгі жеткізушісі — Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген.

Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді:

• Қытай — 2 678 тонна

• Нидерланд — 1 702 тонна

• Колумбия — 778 тонна

• Кения — 739 тонна

- Жалпы өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған — 6 219 тонна, - делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив