A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:40 0

Өскеменде «Қауіпсіз көше» жедел алдын алу шарасы өтуде

Бүгін / Өскемен

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында 3–5 наурыз аралығында республика аумағында «Қауіпсіз көше» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның негізгі мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындардағы ахуалды тұрақтандыру, қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу, тұрғындар арасында профилактикалық жұмысты күшейту.
Шара барысында ұсақ бұзақылық деректерін, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу жағдайларын, жол қозғалысы ережелерін бұзуды, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын, кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген патрульдеу жүргізіп, профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексереді және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізеді.
Мұндай профилактикалық шаралар қоғамда құқықтық сана мен заң талаптарын сақтауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив