A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 12:05 0

Өскеменде 8 наурызға орай студенттермен кездесу өтті

Бүгін / Өскемен

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақ-Американ еркін университетінде «Іскер әйелдердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Кездесуде мансап, өмірлік таңдау және жеке жауапкершілік туралы әңгіме өрбіп, ұтымды ойлар айтылды.
Спикерлер арасында полиция подполковнигі Бақытгүл Қалиева, әкімшілік полицияда 20 жыл қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан ШҚО Полиция департаментінің аға детективі Татьяна Карпова және кәсіпкер, «Траектория» әйелдер клубының жетекшісі Анастасия Масалимова болды.
Олардың әрбіреуі кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, мансаптық таңдаулары, қызметтегі қиындықтар, шешім қабылдаудағы жауапкершілік және алға жылжуға көмектесетін ішкі күш туралы ойларымен бөлісті. 
Құқық қорғау органдарындағы әйелдердің рөліне ерекше назар аударылды. Спикерлердің айтуынша, бүгінде полиция қызметінде жүрген нәзік жандылар тек жүйе қызметкерлері ғана емес, жастар үшін тәлімгер әрі үлгі көрсетуші, жеке пікірін қалыптастырған көшбасшы жандар. 
Кездесу студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұл  жастарға әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктерін жақсы түсінуге, қызметте, кәсіпте және қоғамдық орында табысқа жеткен адамдардың нақты тарихын білуге көмектеседі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив