A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 13:30 0

Өскемендегі Шнайдер көпірі қалпына келтіріледі

Бүгін / Басты / Өскемен

Нысанды қайта жөндеу үшін 7 млрд теңге қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық мәслихат сессиясында депутаттар Өскемен қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер енгізу туралы шешім қабылдады. Жоспарға Шнайдер көпірін қайта құру жобасы кірді. 
Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер көпірі өткен жылдың 1 қыркүйегінде құлады. Ал 2023 жылы көпірдегі тіректердің бірін су шайып кеткен еді. Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, екі жыл ішінде жөндеу жұмыстарына 600 млн теңге кеткен.
Көпір қирағаннан кейін тексерулер мен сараптамалық бағалаулар жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті билік өкілдері жаңа көпір салу туралы шешім қабылдады. Дегенмен жоба «қайта құру» деп аталады.
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қосқанда жоба екі жылға созылады.  Сонымен қатар оған 7 млрд теңгеден астам қаржы керек екені белгілі болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив