452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскеменде студентті автобус қағып кетті

Өскеменде студентті автобус қағып кетті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Оқиға 3 наурызда Серікбаев көшесінде болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, «Daewoo» маркалы №33 автобустың жүргізушісі жылдамдықты сақтамаған. 
- Автобус жүргізушісі бағдаршаммен басқарылатын қиылыста жылдамдықты сақтамаған және жолдағы жағдайларды ескермеген. Нәтижесінде ол көлікті басқара алмай, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.  
Ресми ақпаратқа сүйенсек, жаяу жүргінші жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізуде.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив