A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 12:40 0

Өскеменде референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында 15 наурызда өтетін референдумға орай ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шараға Amanat партиясы ШҚО филиалы өкілдері, сондай-ақ Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенттері мен қызметкерлері қатысты. Акция шаһардағы халық көп шоғырланатын орындарда өтті. Атап айтқанда, түсіндіру жұмыстары Ивушка базары мен Доснар сауда орталығы аумағында, сондай-ақ бірқатар сауда үйі мен фудкорттарда қолға алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялардың басты мақсаты – азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, референдумға қатысты ақпараттың барынша ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында қатысушылар қала тұрғындары мен қонақтарына референдумның маңызы мен мәнін түсіндіретін арнайы ақпараттық парақшалар таратты. Белсенді жастар келушілердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жалпыхалықтық дауыс берудің ел болашағы үшін маңызын кеңінен баяндады.

– Бірнеше күннен кейін елімізде айтулы күн өтпек. Осыған орай колледж студенттерімен бірге шаһар тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Алдағы референдум – еліміздің дамуы мен өркендеуіне бастар нақты қадамдардың бірі болмақ, – деді «Абай» атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры Фархат Құрманов.

Айта кетейік, алдағы жалпыхалықтық референдум ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі саналады. Осыған байланысты өңірде ақпараттық-түсіндіру бағытындағы шаралар алдағы күндері де жалғасын таппақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив