444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Самар ауданында интернет мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Самар ауданында интернет мәселесі қалай шешіліп жатыр? [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ресми ақпаратты аудан әкімдігі өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір бұл жақта антенна-діңгекті құрылғыларды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуда.
– Облыстық бюджеттен Палатцы ауылы үшін 60 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Аталған нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, электр желілеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ауданда тағы үш антенна-діңгекті құрылғының құрылысы аяқталды, – делінген ақпаратта.
Новостройка ауылында, Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс базалары маңындағы антенна-діңгекті құрылғы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары «КарТел» ЖШС арқылы жүргізілуде. 
– Қазір негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, Шұбарқайың және Раздольное ауылдарында антенна-діңгекті құрылғылар орнату толық аяқталды, – дейді әкімдік өкілдері.

Фотосурет: ашық дереккөзден

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив