Жарыс қана емес, жәрмеңке де ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Samar_news16 мәліметінше, Жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум аясында жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
– Жәрмеңкеде тұрғындарға табиғи әрі сапалы өнімдер ұсынылуда. Атап айтқанда, ет және сүт өнімдері, бал, көкөністер мен басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары қолжетімді бағамен сатылуда, – делінген ақпаратта.
Мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы саласының дамуына негіз болып, ауыл мен қала тұрғындары арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін көрінеді.
Дауыс беру учаскелерінің бірінде келушілер гір тасын көтеріп, күш сынасты. Суретте еркін күрестен білікті бапкер, гір көтеруден құрлықтық жарыстардың жеңімпазы Марат Мәрденовті көреміз.
Фото: Samar_news16
Пікірлер