452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскеменде бір күнде 200-ден астам құқықбұзушылық анықталды

Өскеменде бір күнде 200-ден астам құқықбұзушылық анықталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыс орталығында тәртіп сақшылары  күшейтілген режимде қызмет атқарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде 24 сағат ішінде 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық белгілі болды.

- Полицейлер қоғамдық орындарды ластау, көшеде ішімдік ішу және тыныштықты бұзу фактілерін анықтады. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуы, қоғамдық орындарда тиісу фактілері арнайы бақылауға алынды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Сондай-ақ 200-ге жуық жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі тіркелді. Жүргізушілердің көбі қауіпсіздік белдігін тақпаған, рөлде телефон пайдаланған және бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтіп кеткен.

- Қауіпті маневрлер жасау, апатты жағдай туындату және жаяу жүргіншілерге жол бермеу әрекеттері анықталды. Жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережесін бұзу фактілері де назардан тыс қалмады, - деп жазылған ресми мәліметте. 

102 арнасына бір түннің ішінде 140-қа жуық қоңырау мен шақырту түсті.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив