Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол үстінде денсаулығы нашарлап, инсульт белгілері байқалған ер адамға жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, «Өскемен – Риддер» тасжолының 90-шы шақырымында патрульдік полиция батальонының экипажы — полиция аға лейтенанттары Азамат Олегұлы мен Әлішер Шаяхметов жол жиегіне тоқтаған көлікті байқады.
- Көлік жүргізушісі салонда 1988 жылы туған ер адамның жағдайы нашарлағанын, инсульт белгілері бар екенін айтып, полицейлерден көмек сұраған. Тәртіп сақшылары науқасты дереу қалаға дейін ертіп бару туралы шешім қабылдады. Алайда науқас отырған көлік бұзылып, істен шықты. Полицейлер бұл туралы ақпаратты дереу жақын маңдағы келесі нарядқа хабарлады. Оқиға орнына жеткен екінші экипаж науқасты қызметтік көлікпен медициналық мекемеге жеткізді, - делінген ресми мәліметте.
Пікірлер