A+ A A-

talgatzhan 32 6-04-2026, 11:20 0

18 десантшы әскерден аман-есен оралды – Өскемен

Бүгін / Өскемен

Бір жыл бұрын Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған 18 десантшы ауыл-аймақтарына абыроймен оралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сарбаздарды теміржол вокзалында ата-аналары, жақындары және Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдері  қарсы алды. 

Десантшылардың туыс-туғандары әскери қызмет – әр азамат үшін үлкен мектеп екенін айтты. Бір жыл ішінде сарбаздар шынығып, тәртіп пен жауапкершілікті бойларына сіңіріп, нағыз ер азамат ретінде қалыптасып қайтқан. Олар десанттық-шабуылдау әскерлері қатарында қызмет етіп, әскери дайындықтың түрлі кезеңінен өтті.

– Әскери қызмет мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Біз тек физикалық тұрғыда емес, рухани жағынан да өстік. Достар таптық, тәртіпке үйрендік. Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың міндеті деп есептеймін, – деді сарбаздардың бірі, кіші сержант Жасұлан Казизов.

Айта кету керек, десанттық-шабуылдау әскерлері – Қарулы Күштердің ең мобильді әрі жауынгерлік қабілеті жоғары бөлімдерінің бірі. Бұл әскер қатарында қызмет ету сарбаздардан ерекше төзімділік пен батылдықты талап етеді.
Қызметін абыроймен атқарып келген жас жауынгерлер алдағы уақытта алған тәжірибелерін бейбіт өмірде де тиімді пайдаланып, ел дамуына өз үлестерін қоспақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив