A+ A A-

talgatzhan 6 Бүгін, 14:10 0

Өскеменде полиция самокат жүргізушілеріне үндеу жасады

Бүгін / Өскемен

Полиция қызметкерлері электросамокат пайдаланушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, самокатпен жүруге тыйым салынған орындарда қозғалу, жол бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамау, тек жаяу жүргіншілерге арналған аймақтарда жүру заң бұзушылыққа жатады. 
- Электросамокат жүргізушілері де жол қозғалысына қатысушылар қатарына жатады. Сондықтан олар қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жылдамдық режимін ұстануға және жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың самокатты ересектердің бақылауынсыз басқаруына болмайды. Қауіпсіздік мақсатында қорғаныш құралдарын пайдалану қажет, — делінген полиция басқармасының ақпаратында. 
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив