«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, қаладағы жаңа электр станциясында жасанды интеллект қолданылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жүйе негізгі жабдықтарды алдын ала тексеру үшін вибрациялық, акустикалық, жылу және басқа да датчиктер арқылы ақауларды уақытында анықтап, апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жылу электр станциясында «таза көмір» технологиялары енгізіледі: қазандықтың ішіндегі азот оксидінің (NOx) шығарындыларын азайтуға арналған төмен шығарындылы қыздырғыштар, қазандықтан кейін қосымша NOx тазалауға арналған SCR жүйелері, күл жинауға арналған электростатикалық және қап сүзгілері, әрбір қазандық үшін бөлек күкіртсіздендіру реакторлары.
Қайрат Мақсұтов атап өткендей, бұл шаралар зиянды шығарындылар көлемін едәуір азайтып, жаңа станциялардың экологиялық талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді.
Пікірлер