A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:00 0

Өскемендегі жаңа ЖЭО-ның қашан ашылатыны белгілі болды

Бүгін / Өскемен

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Көкшетау, Семей, Өскемен ЖЭО құрылысы қай кезеңде тұрғанын айтып берді. Жаңа ЖЭО нысандары елдегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес жұмыс істеп, жасанды интеллект пен «таза көмір» технологиясын қолданбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Семей мен Өскемендегі станцияларды іске қосу мерзімі 2029 жылғы төртінші тоқсанға жоспарланып отыр. Қос қаладағы ЖЭО бойынша 2026 жылы 30 қаңтарда Қазақстан сингапурлық консорциуммен EPC келісімшаттар жасады. Екі жоба бойынша бірнеше шара жоспарланып отыр.
- Мердігер негізгі жабдықтарды дайындау үшін 2026 мамыр айында зауыттарға тапсырыстар беруді бастайды. Ал осы айда инженерлік-геологиялық және топографиялық ізденістер жүргізіп, алаң аумақтары мен инфрақұрылымды дайындау жұмыстары басталады. Негізгі жабдықтарды жеткізу 2027 жылдың үшінші тоқсанында басталады, - деді «Самұрық-Энерго» төрағасы.
Аталған станциялар жасанды интеллект және «таза көмір» технологиясын қолданатын болады. Жасанды интеллект бойынша негізгі жабдықтарға предиктивті диагностика енгізу мақсатында вибрациялық, акустикалық, термиялық және басқа да датчиктер орнатылады. Осы датчиктерден алынған ақпарат ақауларды уақытылы анықтауға және апаттарды болдырмауға мүмкіндік береді.
«Таза көмір» технологиясы бойынша жаңа көмір станцияларына түтін газдарын тазартудың заманауи жүйелері енгізіледі. Атап айтқанда, төмен эмиссиялы оттықтар, бұл жабдық қазандықтың ішінде азот оксиді шығарындысын төмендетуге мүмкіндік береді. Күлді ұстау үшін электростатикалық және сорғы фильтрлері қойылады.
Сонымен қатар әрбір қазандық ішіне жеке күкірт тазарту реакторлары орнатылады. Нәтижесінде таза көмір технологиясын қолдану арқылы зиянды заттарды барынша азайтуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив