12 сәуірде православие христиандарының басты мерекесі — Пасха тойланады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл күні қаладағы шіркеулерде мерекелік қызметтер мен іс-шаралар ұйымдастырылады.
Пасха мерекесінің алдындағы апта «Қасиетті апта» деп аталады. Сондықтан 12 сәуірге дейін шіркеулерде қызметтер күн сайын өткізіледі. Пасха тағамдарына бата беру дәстүрлі түрде 11 сәуірде ұйымдастырылады.
Негізгі іс-шаралар 12 сәуірде Әулие Андрей шіркеуінде өтеді. Пасха қызметі сағат 11:00-де, ал сағат 12:00-де шіркеу алдындағы алаңда шығармашылық топтардың концерті, жәрмеңке және мерекелік іс-шаралар басталады.
- Қасиетті оттың 12 сәуірде келуі әлі анықталуда. Ақпарат кейінірек беріледі, - делінген Өскемен және Семей епархиясы баспасөз қызметінің ақпаратында.
Пікірлер