A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:20 0

Өскеменде балабақша бағасы 40%-ға қымбаттады

Бүгін / Өскемен

Қазақстандағы мектепке дейінгі қызметтердің құны артуда. Ал Өскеменде ел бойынша ең жоғары өсім байқалады,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақпан айындағы жағдай бойынша елдегі мектепке дейінгі мекемелердің, клубтардың және даму орталықтарының бір айдағы орташа құны шамамен 30 000 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш соңғы бір жылда 10%-ға өсті.
Ал Өскемендегі қызметтердің орташа құны 35 700 теңгеге жетіп, республикалық орташа көрсеткіштен асты. Мұндағы бағалар бір жылда 40%-ға өсті, бұл - елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Салыстырмалы түрде, басқа қалалардағы өсім төмен болды: Семейде – 33,2%-ға; Қонаевта – 24,1%-ға; Петропавлда – 19,1%-ға артты. Кейбір аймақтарда бағалар өзгеріссіз қалды.
Жалпы мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің ең жоғары құны Алматы мен Астана қалаларында тіркелген.
Сарапшылар Өскеменде бағаның күрт өсуі отбасы бюджетіне ауыртпалықты арттырып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты мектепке дейінгі білімге қолжетімділік мәселесі ата-аналар үшін барған сайын өзекті болып келеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив