A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 16:00 0

Қазақстанда интернет-алаяқтықтан келген шығын 4,8 млрд теңгеге жетті

Бүгін / Республика

Интернет-алаяқтықты ашу – өте күрделі процесс. Себебі қылмыскерлер шекара талғамайды және әлемнің кез келген жерінде әрекет етуі мүмкін. Бұл туралы Киберқылмыспен күрес департаменті басшысының орынбасары Әлібек Оразалы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өткен жылы 6 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі ашылып, 1 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында 447 адам жауапқа тартылды.
– Алаяқтықпен күрес барысында тек ішкі істер органдары ғана емес, өзге де уәкілетті құрылымдар, IT саласының мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде нақты нәтижелер бар, - деді Әлібек Оразалы.
Өз кезегінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары да қылмыстық істердің тіркелуі мен залал көлеміне қатысты мәлімет берді.
– Біздің комитет құқықтық статистиканы жүргізуге уәкілетті орган болып табылады. Барлық қылмыстық істер Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестрінде тіркеледі. Осы арқылы елдегі криминогендік жағдайды, оның ішінде алаяқтық деңгейін көріп отырмыз. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында келтірілген шығын көлемі 4,8 млрд теңгені құрады. Оның 2,4 млрд теңгесі жәбірленушілерге қайтарылды, - деді комитет өкілі.
Сонымен қатар интернет-алаяқтық бойынша жылдық көрсеткіштер де айтылды.
– Жалпы, 2025 жылы интернет-алаяқтықтан келген шығын 12,2 млрд теңгені құрады. Биыл 5 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылды. Өткен жылмен салыстырғанда залалды өтеу бағытында оң динамика байқалып отыр, - деді Бас прокуратура өкілі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив